"Оқу құштар мектеп" жобасын іске асыру шеңберінде мектептің жұмыс жоспары жасалды. Негізгі мақсат: оқу мәртебесін, оқу белсенділігін арттыру және оқу сапасын жақсарту, балалар мен жасөспірімдердің мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру. Келесі міндеттер қойылды: қоғамдағы балалар мен жасөспірімдер оқуының мәртебесі мен рөлін арттыру, балалар мен жасөспірімдердің оқу құзыреттіліктерін, жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық қауіпсіздік негіздерін қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің оқу инфрақұрылымын жетілдіру.